Изолар НПЭ көбіктелген полиэтиленінен әзірленген жылытқыш

Изолар НПЭ көбіктелген полиэтиленінен әзірленген жылытқыш

Изолар НПЭ көбіктелген полиэтилені – бұл экологиялық таза заманауи жылытқыш, өндіріс барысы фреонсыз және басқа қауіпті заттарсыз алдыңғы қатарлы технологиялармен жүргізіледі.

Изолар НПЭ көбіктелген полиэтилені - құрамында 80% ұсақ ауадан тұратын өткізбейтін қасиеті бар полиэтилен қабықшасымен қапталған оқшаулаушы материал орамы

Көбіктелген полиэтиленнің жылу өткізу коэффициенті ауаға жақын, 0,035-0,037 Вт/м² С, оқшаулаушы материалдардың ішіндегі ең аз көрсеткішке ие. Сондай-ақ, оның ауа өткізбейтін және ылғал өткізбейтін, жабық ұсақ тесікті құрылымы бар, сондықтан конвекция арқылы жылуды жоғалту мүмкін емес.

Көбіктелген полиэтилен қаражатты едәуір үнемдеуді қамтамасыз етіп, құрылыс қабырғаларының, едендердің және шатырлардың құрастырмалары көлемін қысқартуға , сонымен қатар олардың жылу-техникалық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.

Көбіктелген полиэтиленді монтаждау белгілі бір маусымға байланысты емес, жоғары біліктілігі бар мамандарды қажет етпейді. Кез-келген адам сатып алатын арзан жылытқыш категориясына жатады.

Көбіктелген полиэтилен химиялық белсенді емес, сондықтан барлық құрылыс материалдарымен, атап айтқанда цементпен, бетонмен, гипспен, әктаспен, кірпішпен, ағашпен бірге қолдануға сәйкес келеді.


 

Мазмұн:
1. Изолар НПЭ (2-10мм) әмбебап құрылыс оқшаулауышы
2. Изолар НПЭ (2-3мм) ламинат асты төсемесі
3. Изолар НПЭ (0,5-1,0мм) Жиһаз және техникаға арналған қорабы
4. "Жүзуші" еден жүйесіндегі дыбыс оқшаулағыш Изолар НПЭ (8-10мм)
5. Изолар НПЭ (3-10мм) ХПТ өндірісі

 

1. Изолар НПЭ пайдалану салалары

Көбіктелген полиэтиленнің негізінен құрылыс жұмыстарында жылу оқшаулауыш және дыбыс оқшаулауыш ретінде қолданылады. Материал ылғалдан сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді. Изолар НПЭ маңызды ерекшелігі минералдық мақтаға қарағанда қалыңдығы аз және салмағы жеңіл бола тұрып көбірек жылу сақтау қасиетінің болуы. Осылайша, құрылыс құрастырмаларына ауырлықтың түсуі жеңілдеп, кеңістікті үнемдеуге мүмкіндік береді. Оны монтаж кезінде қолдану жеңіл: пышақпен оңай кесіледі, желім, степлер және шеге көмегімен жапсырылады, скотч және құрылыс кептіргіші арқылы бекітіледі. Бүгілген жерлерге екіжақты монтаждық скотчты пайдалану арқылы бекітіледі. Материал химиялық тұрғыдан белсенді емес, сондықтан цемент, бетон, гипс, әктас, ағаш секілді барлық құрылыс материалдарымен сәйкес келеді.

Толығырақ

2. Изолар НПЭ (2-3мм) ламинат асты төсемесі

Ламинат, паркет тақтасы және басқа еденүстілік жабынқылары астына тегістеуіш және амортизациялық төсеме ретінде тамаша сәйкес келеді.

Толығырақ

3. Изолар НПЭ (0,5-1,0мм) Жиһаз және техникаға арналған қорабы

Тұрмыстық техниканың, жиһаздың, табиғи және қолдан жасалған тастың және ұқыпты сақтауды және тасымалдауды қажет ететін өзге қымбат бұйымдардың қорабы ретінде кеңінен пайдаланылады. Керамикадан, фарфордан, әйнектен жасалған бұйымдардың тауарлық көрінісін сақтау және кез-келген материалдан жасалған тегістелген жерлер үшін қолдануға өте ыңғайлы.

Толығырақ

4."Жүзуші" еден жүйесіндегі дыбыс оқшаулағыш Изолар НПЭ (8-10мм)***

"Жүзуші" еден құрылысы кезінде жылу-екпін-дыбыс оқшаулауыш қасиеттерді қамтамасыз ету үшін Изолар НПЭ 8 немесе 10 мм орамдық материалы қолданылады. Қажет болған жағдайда Изолардың астына бетон бетіне "С" немесе "D" маркалы бу-гидрооқшаулауыш қабықшасы немесе жай ғана полиэтилен қабықшасының қабаты жайылады. 

Толығырақ

5.  Изолар НПЭ (3-10мм) ХПТ өндірісі

Спорт және демалыс, тері-галантериялық, ортопедиялық бұйымдар үшін пайдаланылатын тауарларды өндіруге қолданылады.

Толығырақ